Түркістанда детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістанда детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
inform.kz

Детектив шығармалар байқауына екі тілде 100-ден астам шығарма түскен, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ерекше жанрда байқау биыл төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Биылғы шара шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Қазақ прозасының кенжелеп қалған жанрын жандандыру мақсатында өткізілген байқауды «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды. Әділқазылардың шешімімен жүлделі орындар үздік шығармалардың иелеріне берілді. Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбековтың арнайы екі жүлдесі Көсемәлі Сәттібайұлы мен Әлия Байбатыроваға тапсырылды. Ал Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының арнайы жүлдесін Алпысбай Әбділұлы иеленді. Ынталандыру сыйлықтарын Дидар Амантай, Қабыл Дүйсенби, Заман Төлеуов пен Айжан Слямбаева жеңіп алды. Үшінші орынға Жадыра Шамұратова мен Мариям Әбсаттар және Ербол Бейілхан лайық деп танылды. Екінші орын Назира Ғизатқызы мен Әмірбек Шаймағамбетовқа бұйырды. Бірінші орынды Абай Аймағамбет жеңіп алса, бас жүлде Нұрлыбек Саматұлына тапсырылды.