«Хабар» телеарнасы мереке қарсаңында «Жап-жаңа Наурыз» бейнебаянын түсірді

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Хабар» телеарнасы «Je Vis» компаниясымен бірлесіп, «Жап-жаңа Наурыз» атты бейнебаянды көрермендер назарына ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Туынды желісін әлем классиктерінің картинасынан ала отырып, қазақи үлгіде қазіргі заманға сәйкес түсірдік», – дейді бейнебаян авторлары. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары кеңінен қамтылған. Музыкалық шығарма Айман Мұсақожаева, Сүндет Байғожин, Ержан Максим, Динара Сұлтан сияқты белгілі музыканттардың қатысумен түсірілді. Жоба авторы және қоюшы режиссері Жансая Көпбаева. «Туындының негізі мақсаты, Наурыз мерекесінің қадір-қасиетін насихаттап, қазақ аруларының нәзіктігін көрсету»дейді жоба жетекшілері.   

Сүндет Байғожин,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі:

– Жаңа жыл – наурыз біздің меркеміз. Бүкіл ел жаңарып, көк шығып деген сияқты. Төрт түлік төлдеп соған байланысты, наурызға байланысты керемет нақыл сөздер айтылады. Соны біздер сөзбен және арасында музыка арқылы ән ретінде экспромт жасаймыз.