ҚХА-ға қарасты этно-мәдени орталықтар Наурыз мерекесін ерекше форматта ұйымдастырды

ҚХА-ға қарасты этно-мәдени орталықтар Наурыз мерекесін ерекше форматта ұйымдастырды

«Қош келдің, Әз наурыз!» Дәл осындай атаумен елордада мекелерік шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстан халқы асамблеясына қарасты 21 этно-мәдени орталық атсалысып, ерекше форматта ұйымдастырған. Яғни Достық үйінің алдына киіз үй мен алтыбақан орнатып, қазанда наурыз көже дайындады. Қолданбалы шеберлік сыныптары мен ұлттық спорттан жарыстар болды. Сонымен қатар сурет салудан инстаграм-байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстау жоспарланып отыр.