Елімізде 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Елімізде 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды
inform.kz

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бүгін оңтүстікте «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І мәдениет форумы өткенін атап өткен. Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды. «Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын. Форум аясында Президентіміздің Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық. Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді», – деп жазды ведомство басшысы Дәурен Әскербекұлы. Форум әрі қарай министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ашық аспан астындағы тұңғыш кітап жәрмеңкесімен жалғасты.