Ресейде қазақстандық мүсіншінің көрмесі ашылды

Санкт-Петербургтегі Эрарт мұражайында қазақ мүсіншісі Тамерлан Тілестің дүние жөнінде қазақ халқының ұғымдарын ашатын туындылары қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автор өз еңбектерінде ұлт тарихы тақырыбын қозғады. Экспозицияны әлемнің түрлі елдердің шеберлер тобы дайындады. Мысалы, «Өмір» панносын жасау үшін суретші үш құрылыққа барып қайтқан. Ол сирек матриалдар мен олармен жұмыс істейтін шеберлерді іздеді. Бұл туындысында мүсінші қазақ халқының қалыптасу тарихы және қазақтардың дүниетану ұғымын көрсетті. Көрме қазанның тоғызына дейін жұмыс істейді. 

Мария Филатова, мемлекеттік шығыс мұражайының ғылыми қызметкері:

– Жергілікті тұрғындар Қазақстан туралы көп білмейді. Ал ол міндетті түрде барып көруге тұрарлық керемет ел. Ежелгі мәдениеті, әдемі оюлары мен терең философиясы қандай?! Тамерлан мұны өз өнерімен жеткізе алды. Шығармашылығы мен қолданған материалдары алуан түрлі. Мынау қазақтардың дәстүрлі тіршілігіне негізделген нағыз бейне-арт. Өте қызық.

Тамерлан Тілес, мүсінші:

Бұл көрмені ұйымдастырған себебіміз,біз Қазақстанды, қазақ дәстүрін, өз халқымызыдың өте терең тарихы бар және өте қуатты және үлкен болашағы бар халық деп жеткізгім келді.