Қазақстандық суретші-монументалист Владимир Твердохлебов көз жұмды

Қазақстандық суретші-монументалист Владимир Твердохлебов көз жұмды
Фото: Anara Forrester/Facebook

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Твердохлебов 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы оның қызы Анара Твердохлебова-Форрестер Facebook-парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Владимир Твердохлебов Алматыдағы «Восточный календарь» субұрқағының авторы ретінде танымал. Ғылым академиясында да Твердохлебовтың витраждары мен мозаикалары сақталған.

Владимир Твердохлебов 1937 жылы 18 мамырда Ресейдің Краснодар өлкесінде дүниеге келген. Вера Мухина атындағы Ленинград жоғары өндірістік өнер мектебінде (Санкт-Петербург, Ресей) классикалық өнер білімін алды. Алматыда тұрып, жұмыс істеген.