«Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды

Республикалық «Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақын-жазушылар, драматургтер мен балалар әдебиетінің авторларын қолдау мақсатында өткізілетін шара жылдағы дәстүрден жаңылмады. Байқау жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. Осымен 4-жыл қатарынан өтетін шара биыл кең ауқымды қамтиды.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:

- Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы дала» байқауының басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Биыл қатысушылар шығармашылық шеберлігін төрт номинация бойынша сынап көреді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма».