Жұртын ұйқыдан оятқан Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы шексіз

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін». Өз ғасырынан оза туып, тағдырын ұлтына арнаған ұлт ұстазы осындай ұстаным ұстанды. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деп елін оқуға шақырған, «Масадай» ызыңдап, жұртын ұйқыдан оятқан Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы шексіз.

Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы:

- Әкем марқұмның маған айтқан сөзі бар еді, Ахаң түбі ақталады. Ол қазағымыздың тойы болады, қазақ боп атап өтеді оның есімін деп. 6-7 жыл өткеннен кейін әкемнің сөзі шындыққа айналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Торғайға барады деп жақсы жаңалық естіп жатырмыз. Ұлт ұстазы деген шындығында да Ахаңға жай берілген жоқ. Әрине қазақта ұлылар көп. Бірақ ұлылардың көбісі өзінің ұлылығын ғана жазып қалдырған болса, ол кісі қазақтың болашағы, тәуелсіздігі үшін әркет еткен санаулы көсемдеріміздің бірі.

Секен Тұрысбеков, ҚР Еңбек сіңірген артисі, композитор:

- Ұлт үшін, ел үшін, жер үшін, айтылып кеткен дүниені ұлықтау насихаттау, келешек ұрпаққа. Алаштың арманын ойларын, осының бәрін насихаттап, бабаларымызға арналған толғаулар, поэзия, күйлер әндер туады деп ойлаймын. Қазір жаңа өнеге, жаңа үлгі, жаңа бастама, жаңа Қазақстан  деп отырмыз. Осы соған жаңа құлшыныс па деп отырмыз.