Ұлытауда «Ұлытау үні» дәстүрлі фестивалі өтті

Қазір халық ықыласы эстарадалық жанрға ауысқан кезде, этно-мәдени өнерді сақтап қалу, қала берді оны одан бетер дамыту аса маңызды. Елде бұл міндетті ерте бастан арқалағандардың бірі – «Ұлытау үні» фестивалі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы Қайырбек Сәдуақасов осы жобаны алғаш ұйымдастырғандардың бірі. Ол кеңестік саясаттың салқынына қарамай, ұлттық мүдені сол кезде-ақ сақтауға кіріскен.

Қайырбек Сәдуақасов, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Өнерлі азаматтар көп бұл өңірде. Қасиетті топырақ Ұлытау өңірі деген. Осыған қатысқандардың талайы Республикаға танымал азаматтар болып өсті. Бұл қанаттандыратын жер, қуаттандырады, сонгдықтан бұл Ұлытау үні барған сайын биіктей береріне күмәнім жоқ.    

 «Ұлытау үні» фестивалі – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестиваль Ұлытау өңірінің ғана емес, елдің рухани өмірінде айрықша орын иеленеді.

Амантай Жұмашев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мен өте тебіреніп тұрмын. Өйткені сол кездегі дәстүр, сол кездегі халықтың рухын көтеретін жақсы мерекелік шаралар жалғасын тауып жатыр, қаншама жылдан кейін. Соған өте қуаныштымын.

Фестивальге елдің түкпір-түкпірінен 20 қол өнер шебері, 20 конкурсант, халықаралық дәрежеде өнер көрсетіп жүрген 4 фольклорлық анасамбль арнайы келген. Бұдан өзге  15-шақты осы өңірден шығып, бүкіл қазақ даласын әнмен тербеп жүрген әнші-күйшілер арнайы ат басын тіреген.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар