Қ.Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» көрмесін тамашалады

Ресми келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған "Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог" көрмесін тамашалады.

Көрмеге еліміздің Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған. Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.