Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды

Астанада Махатма Гандиге арнап ескерткіш қойылды.

Ганди Үндістаннан шыққан 20 ғасырдың белді де, беделді саясаткері. Оның зорлық-зомбылыққа қарсы философиясы адамзатқа қалдырған рухани мұра іспетті. Қайраткердің мүсіні Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды. Оның ашылу салтанатына Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи арнайы қатысты. Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Айта кету керек, биыл Дели қаласында хакім Абай Құнанбайұлына ескерткіш бюст қойылған болатын. 

Минакаши Лекхи, Үндістан Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі:

- Бұған дейін сіздердің елге жасаған сапарым кезінде қазақстандық билік өкілдеріне үндістандық туристер үшін визасыз режим жасауға өтініш білдірдім. Бұл мәселе шешімін тапты. Қазақстан Үндістан азаматтарға 14 күнге дейін визасыз жүріп-тұруға рұқсат берді. Бұл үшін Қазақстанға үлкен алғыс білдеремін. Қос елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұдан әрі де дами түсуіне күш саламыз.