Түркістанда ерекше «Поэзия түні» өтті

Түркістан қаласында алғаш рет ерекше форматтағы «Поэзия түні» өтті.

«Мөлдір әуен» деп аталатын романтикалық кеш мейрамханада ұйымдастырылды. Онда Рысгүл Досжанова мен Еламан Төлеутай бастаған жас ақындар мен көркемсөз шеберлері өлең оқып, жыр сүйер қауымның сезім қылын шертті.

Өлең оқуды насихаттау, адамгершілік пен адалдықты дәріптеу, махаббат пен сезімді ұлықтауды мақсат еткен басқосуға Түркістанның шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, жастар мен өлеңқұмар студенттер қатысты. Әдеби-романтикалық кеште ақындар жанды әуеннің сүйемелдеуімен шабыттана өлең оқыды.  

Жанерке Бараққызы, Астана қаласының тұрғыны:

- Осы кеш үшін арнайы астанада келдім. Өзгеше форматта, бұл менің ойымша жаңа буынның, жастардың әкеліп жатқаны лебі, идеясы. Кеш өте әсерлі өтті.

Рысгүл Досжанова, "Тармақтар" жобасының авторы:

- Біз әдетте шекарадағы өлеңдерді ғана тыңдап үйреніп қалғанбыз. Сондықтан біз осы кеште мейрамханада, бұл әлемде бар эксперимент, түрлі әлем елдерінде дәл осылай кофе ішіп, шәй ішіп отырып та өлең тыңдайтын оқырмандар бұрыннан бар. Сондықтан біз осыны елімізге әкелгіміз келді.