АҚШ-та М.Әуезовтің мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті

Джордж Вашингтон унирверситетіндегі Абай орталығы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Ұлы Әуезов мұрасын ұлықтау» деп аталған халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Онлайн шараға Қазақстан, АҚШ, Түркия ғалымдары қатысты. Қазақ Совет киносы бойынша ғылыми оқулықтардың авторы, америкалық зерттеуші Питер Роллберг Әуезовтің әдеби мұрасын жан-жақты талдап, жазушының қазақ киносын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің және өзге де қазақ классик жазушыларының шығармаларын ағылшын тіліне аудару, балалар әдебиетін АҚШ-тағы қазақ диаспорасына ықшамдап ұсыну сияқты игі бастама көтерді. 

Питер Роллберг, кинотану және халықаралық қатынастар профессоры:

- Әуезовтің «Көксерегі» Орталық Азия елдерінің кино индустриясында ерекше орын алады. Осы туындысы арқылы қазақ киносын дамытуға қосқан үлесі үлкен болды. Кино арқылы да қазақ әдебиетін дүниежүзіне танытты. Сондай-ақ «Абай әндері» өмірбаяндық фильмінің сценарийі де Қазақстан кинематографиясын дамытуға серпін берді.