Елімізде кітапхана мен кітап оқуға деген қызығушылық артқан

«Цифрлық ақпарат құралдарының көбеюі мен электрондық кітаптардың пайда болуы кітапханалардың жойылып кетуіне әкелмейді», – дейді мамандар. Мәселен, былтыр кітапханаға бару бойынша рекордтық жыл болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, келушілер саны 2021 жылы 6 миллион адамнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мадина Сәдуақасованың мамандығы агроном. Бос уақытында достарымен бірге «Оқырмандар клубын» құрған. Оның мүшелері 30-дан асқан адамдар. Кітапқұмарлар жиі кездесіп, оқығандарын талқылайды.

Мәдина Сәдуақасова, оқырмандар клубының құрылтайшысы:

- Біз кітапқұмарлар  клубында әрбір шығарманы не болмаса туындыны бастан-аяқ зерттейміз. Әртүрлі жанралардағы кітаптарды оқып, оны талдаймыз. Бірақ оқырмандардың көпшілігі роман, қазақ әдебиеті, утопия, дистопия және фантастика, қиял жанрын жақсы көреді.

 «Бүгінде Қазақстандық жазушылардың туындылары сұранысқа ие», - дейді Астанадағы орталық кітапхана өкілдері. 

Айта кетейік, мұнда жыл сайын 7 мыңнан астам жаңа оқырман тіркеледі. Сонымен қатар егер пайдаланушылардың 30% студенттер болса, қалғандары орта жастағы адамдар мен зейнеткерлер.

Гүлайым Жұмабаева, М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана бөлімінің басшысы:

- Қазір кітап сүйер қауымның саны артуда. Бұл бір үрдіс секілді. Жастар жаңа туындыларға қызығушылық танытады. Және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын қазақ және орыс тілінде оқитындар көп. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов пен Бердібек Соқпақбаевтың туындылары да сұранысқа ие.

Дарын Құмарбек Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті:

- Универден кейін осы кітапханаға келіп, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романында қазіргі уақытта да үлкен рухани тәлімдік қырлары мен мәні деп айтқым келіп тұр.

Бүгінде  саяхат, мотивация және өзін-өзі дамыту жөніндегі туындыларды оқитындар көп-дейді мамандар. Шетелдік, сондай-ақ қазақ және орыс классиктерінің романдарына да сұраныс артқан.  

Айтпақшы, оқырмандардың 34% кітапханалардың интернет-ресурсын пайдаланушылар.