Алматыда композитор Бейбіт Оралұлының екі кітабі жарық көрді

Алматыда есімі әнсүйер қауымға жақсы таныс композитор Бейбіт Оралұлының екі бірдей кітабі жарық көрді.

Эстрада жанрындағы жинақ «Бейбіт Оралұлының 100 әні» деп аталады. Онда «Нұр бейнең», «Ауылға», «Түркістан» және «Боз жорға» сынды тыңдарманның көңілінен шыққан әндер бар. Ал, оркестрлерге арналған кітап «Партитуралар» деп аталады. Қос кітапта әннің сөзі мен нотасы бірге басылған. Бірінші жинақ мың данамен шықса, екіншісі 250 данамен басылған. Бірнеше жыл бұрын қағазға түсірілген шығармаларды басып шығарудың орайы енді келді,-дейді композитор. Мұнда автордың өмірбаяны, естеліктері де жазылған. Кітаптарды болашақ композиторлар мен музыканттар көмекші құрал ретінде пайдалана алады. 

Бейбіт Оралұлы, композитор:

- Жалпы осы екі жинақ біріншіден сол студенттерге, ЖОО оқитын, колледждерде оқитын студенттер болсын, оқытушылар болсын соған арналған кітап деп өзім есептеймін.