Бүгін ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың мұраларына арналған 24 жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
Еуразия Ұлттық университетінде өткен шараға оқу орын ректоры, Абайтанушылар және еліміздің ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының өкілдері қатысты. Су жаңа кітаптарға «Абай және Ахмет», «Қазіргі қоғам басымдығы», «Абай және Ұлы дала мұрасы» ғылыми зерттеулері арқау болған. Авторлардың айтуынша, ұлы ойшылдың 43-ші қара сөзінің түпкі мағынасы мен кілтін - осы жаңа кітаптардан табуға болады. Жалпы, туындыларды жазып шығаруға 5 жыл уақыт кеткен.
Тұрсын Жұртбай – филология ғылымдарының докторы, абайтанушы:
- Осы уақытқа дейін 70-тен астам кітап шығарғанда, телміріп терең ойдың соңына ергенеде осы Абай туралы 4 жылдық еңбектің аяқталуы тұсында толық санам орнықты. Оның басты себебі - біз Абайды түсініп оқудың жаңа бір жүйесін тапқан сияқтымыз. Сондықтан да мен бұл еңбегімді қалың қауым алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ғылыми қорытынды есебінде жариялауға бел байлағаным сол.
