Алматыдағы «Апорт молл» келушілеріне мерекелік бағдарлама әзірледі

Наурыз мерекесіне орай еліміздегі ең ірі «Апорт молл» келушілеріне үлкен мерекелік бағдарлама әзірледі.

Қонақтар екі күн бойы қазақ эстрада жұлдыздарының концертін тамашалап, ұлттық ойындар, түрлі байқауларға қатысты. Ұлттық мереке қонақтардың есінде қалуы  үшін ұйымдастырушылар кәдесыйлардың жасалу процесін тамашалауға мүмкіндік жасады. Тіпті, келушілер өздері де шараға атсалысты.

Алматыдағы «Апорт» молл еліміздегі ең ірі сауда-ойын сауық орталығы болып саналады. Жыл басынан бері «Апорт0а»  келушілердің саны 3 миллионға жеткен. Мұнда тек сауда жасап қана қоймай, бос уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік мол. Биыл Наурыз мерекесі де қызықты бағдарламасымен ерекшеленді.

Динара Амренова,  «Апорт молл» маркетинг және сату департаментінің директоры:

- Орта есеппен статистика бойынша мереке күндері 50-70 мың адам келеді. Қонақтарымыздың Aport Mall сауда орталығына келгенді ұнататынын және бізден керемет шаралар күтетінін білеміз. Сондықтан біз мерекелік шараға  өте мұқият дайындалып, кең көлемде өткізуді жоспарладық.

Сауда орталығының қонақтары екі күн бойы қазақ эстрада жұлдыздарының концертін тамашалай алады. Сондай-ақ, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Апорт аумағында суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтуде. Шеберлік сабағында кез келген адам балшықтан ыдыс жасап көруіне болады. Ұлттық киім киген аниматорлармен естелікке суретке түсуге де мүмкіндік бар.

Динара Амренова,  «Апорт молл» маркетинг және сату департаментінің директоры:

- Кеше Наурыздың бірінші күнін тойласақ, бүгін екінші күнін тойлап жатырмыз. Бүгін бізге келіп, құттықтаған қонақтарымызға алғысымды білдіремін. Біз де баршаңызды құттықтап, әрбір қонақтарымызға, қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және бейбіт заман тілейміз.

23 наурызда қасиетті Рамазан айының құрметіне ораза басталады. Бұл күні де мерекелік бағдарлама жалғасын табады. «Апорт» әкімшілігінің айтуынша, қонақтар назардан тыс қалмайды. Молл дүкендерінде 80 процентке дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.

Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев