Қазақстандық трио Өзбекстанда концерт өткізді
Қазақстандық өнер ұжымы Ташкент тыңдармандарын камералық музыкамен қуантты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Пианист Тимур Урманчеев, скрипкашы Мақсат Жүсіпов және виолончельде ойнайтын Мұрат Нарбеков таңдаулы туындыларын ұсынды. Концерт Өзбекстанның ұлттық консерваториясында өтті. Ансамбльдің репертуарында әлемдік шығармалар мен Ұлттық нақыштағы әуендер бар. Камералық кеш қазақстандық өнерпаздарды өзге қырынан танытты. Олар бұған дейін Италия, Австрия, Германия, Бразилия, Қытай және Франция сахналарында өнер көрсеткен.
Маргарита Бирюкова, Ташкент тұрғыны:
- Концерт жоғары деңгейде өтті. Барлығы ұнады. Қазақ және жапон музыкасы ерекше әсер қалдырды. Ұлтым қазақ екенін айта кеткім келеді. Сондықтан концертке келіп, қазақстандық ұжымның өнерін тамашалауды жөн көрдім.
Тимур Урманчеев, пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- «Жапон көктемі» фестивалі көршілес елдерді біріктірді. Өнер сүйер қауым керемет камералық кештің куәсі болды. Бірнеше күн қатарынан Ташкент тұрғындары Жапония, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның таңдаулы шығармаларымен құлақ құрышын қандырды. Фестивальдің сәтті өткені бізді де қуантып отыр.