Профессор Қансейіт Әбдезұлы 70 жасқа толды
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы 70 жасқа толды.
Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елдегі іргелі жоғары оқу орнын бітірген соң еңбек жолын университетте оқытушылық қызметтен бастаған Қансейіт Әбдезұлы әдебиеттену ғылымына сүбелі үлес қосып, шәкірт тәрбиеледі. Қазақ әдебиетінің тарихына арналған бірнеше оқулықтар жазды. Автордың, жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы жайлы ғылыми зерттеуі отандық әдебиеттану ғылымының айтарлықтай жемісі болды. Конференцияға қатысушылар профессордың еңбектеріндегі рухани құндылықтар туралы ойларын ортаға салды. Мерейтойлық жиында жазушының «Ақиқаттың алдаспаны» атты жаңа сын жинағының тұсауы кесілді.
Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы:
- Қансейіт Әбдезұлы, мен бұл кісіге назар аударып қалған себебім Тәкен Әлімқұлов туралы докторлық еңбек жазған. Әлі күнге дейін осы кісілер маған, өмірге, әдебиетке, қоғамға, сол Тәкен Әлімқұловтардың көзімен қарайтын сияқты болып тұрады. Осы тұрғыдан да құрметтеймін.