«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығына қатысуға өтініш қабылдау аяқталды

"Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Республикалық және өңірлік тілшілерден 12 номинация бойынша 500-ге жуық жұмыс келіп түсті. Рейтингі жоғары жобалар мен үздік авторлар қазақстандық телеиндустрияның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға бір миллион теңге сыйлық дайындалған. Айта кету керек, биыл " Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығы жетінші рет өткізілмек.

Бибігүл Құламан, "Тұмар"телевизиялық сыйлығы ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

-  Биыл біз екі жаңа номинация енгіздік. Бұл ең үздік спорт комментаторымен қатар анимациялық фильм авторы таңдалатын болады. Іріктеу жабық форматта өтеді. Жеңімпаздардың есімдерін марапаттау рәсімі күні білеміз. Жеті жыл ішінде ұлттық сыйлыққа бір жарым мыңнан астам журналист қатысқанын мақтанышпен айта аламыз.