Абай күнін елордалықтар кең көлемде тойлап жатыр

Алдымен бір қауым жұрт Ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

"Абай - қазақ болмысының айнасы" мәдени, танымдық шарасына қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты. Көпшілік Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония өнерпаздарының, тартуына куә болды. Жалпы Хакім Абайдың 178 жылдығына орай қалада 40-тан аса шара жоспарланған. Мереке "Жастар театрындағы" сазды қойылыммен түйінделеді.

Есет Байкен, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Хакім Абайдың қара сөздері, өлеңдері, тек қана қазақ халқына емес, тұтас адамзаттың игілігіне жарайтын мұра. Біз Абайды тану арқылы өзімізді танимыз. Ақынның аманатына адал болу үшін игі істерге ұмтыламыз. Зиянды істерден қашық боламыз.