Жидебайда республикалық «Абай оқулары» байқауы мәреге жетті
Жидебайда республикалық «Абай оқулары» байқауы мәреге жетті.
Биыл 24-мәрте ұйымдастырылған сайысқа еліміздің 16 өңірінен 130-дан астам оқушы қатысты. 6 номинация бойынша сынға түскен өрендер, Абай мен Шәкәрімнің ғана емес, ақынның ұлдары Ақылбай мен Мағауияның шығармаларын да жатқа оқыды. Байқауға келген оқушылардың арасында жыр алыбының 220 өлеңін, жаттағандары да болды. Үш күнге созылған өнер бәсекесінің қорытындысында 56 оқушы жүлдегер атанып, Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
Төлеген Қайнар, байқауға қатысушы (Жетісу облысы):
- Абай атамыздың осы жарысқа 110 өлеңін жаттап келдім. Және де алдыға мақсат қойып отырмын, тағы да жаттасам ба деген. Басты мақсатым, Абай атамыздың өлеңін жаттап, соны болашақ ұрпаққа дарыту.
Бауыржан Ердембеков, қазылар алқасының төрағасы:
- Абайдың өлеңдерін бір өлеңін емес барлық өлеңін, яғни бір кітапты толығымен жаттап алу деген ол оңай нәрсе емес. Бұл асқан төзімділікті, жадыны, тәртіпті, тағы да басқа қасиеттерді қалыптастырады. Бұлар Абайды өзінің ішіне түсірген оқушылар деп білуіміз керек.