Алматыда жастар күні «Jaz Energy 2023» фестивалімен басталды
Алматыда жастар күні «Jaz Energy 2023» деп аталатын шарамен басталды.
Фестиваль өнер мен мәдениетке баулуды көздейді. Жастардың игі бастамасына қолдау білдіреді. Бұған қоса мегополисте «Jas Almaty» акциясы өтіп жатыр. Мәселен, бүгін «Көк-Төбе» саябағында екі бағытқа аспалы жолға 20 процент жеңілдік болады. Ал 14 тамызда сағат 09:00-дан 12:00-ге дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына тегін барып келе алады. Бірқатар қоғамдық тамақтандыру орындары мен дүкендер, демалыс орындары да жеңілдік жасайды. Жастар күніне арналған шаралар бұл ғана емес. Осыған дейін киберспорттан NEET санаты бойынша чемпионат өтті. Сондай-ақ ғылым мен мәдениетті, бизнес-ақпараттық технологияны дамытуға бағытталған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Ал «Мен отбасымды жақсы көремін» онлайн челленджі әлі өтіп жатыр.
Жанар Арнаева, мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры:
- Біз биыл фестивальдің форматын жастардың сұрауы бойынша әртүрлі зоналарға бөліп өткіземіз. Көрме зонасы және мастер класстар өтуде. Барлығы жастар үшін тегін. Спонсорлардың қолдауымен сыйлықтар ойнатылады. Ол жастарға арнайы жеңілдіктер. Тамақтану бөлімдеріне және дүкендерден жастарға деген жеңілдіктер.