Елордада Авиценнаның бюсті ашылды
Елордада Тәжікстанның мәдениет күндері аясында әлемге Авиценна ретінде танылған Ұлы ғалым, ойшыл Әбу Әли Ибн Синаның бюсті ашылды.
Салтанатты рәсімге Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода қатысты. Биіктігі 3 метрден асатын қола ескерткішті тәжік шеберлері жасаған. Гранитті тұғырды, елорда әкімдігі ұсынды. Еске салайық, Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 1 аптаға жалғасады.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Ибн Сина бүкіл Орталық Азияның мақтанышы. Сондықтан бұл ескерткіш екі ел арасындағы терең тарихи байланысты көрсетеді. Монумент Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ашылды. Бұдан бөлек Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кино көрсетілімдері, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу де жоспарланған.