Астанада «От қыз» ертегісінің премьерасы өтеді

«Астана Балет» театрында «От қыз» ертегісінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін 2 актілі қойылым 6-7 қазанға жоспарланған.

Мифологиялық сюжеттен құралған балет желісі Мерген есімді аңшының күнді атып түсіріп, күллі әлемді қараңғы түнекте қалдырғанынан басталады. Батырдың алаңғасарлығынан Биік Шөп елі зардап шегіп, ханшайым От қыз жоғалып кетеді. Кейін Мерген қателігін түзеп, әлемге жарық пен жылуды қайтаруға тырысады. Жалпы балет қоршаған орта мен адамдарға қамқорлық жайлы болмақ.