Ұлттық академиялық кітапханада «Алтын тұғыр» үш томдығы таныстырылды
Жинақтан қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің еңбектерін көруге болады.
Кітапта «Ауыл» партиясы ұйымдастырған әдеби байқау жеңімпаздарының шығармалары топтастырылды. Байқау жеті жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл 250 автордың туындылары ұсынылды. Қаламгерлер ауыл тұрмысын суреттеп, қоғамның рухани және әлеуметтік проблемаларын көтереді.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 1200-ден астам ақындар мен жазушылар қатысты. Сол арқылы 2 мыңнан астам түрлі туындылар өмірге келді. Біз сол туындылардың бәрін әр жылғы конкурстың қорытындысы бойынша, әр жанр бойынша, поэзия бойынша бөлек бір кітап, проза бойынша бөлек бір кітап, одан кейін мынау драматургия бойынша бөлек бір кітап, үш томдық кітап етіп шығарып жүрміз.