Жазушылар одағы мен Respublica партиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Жазушылар одағы мен Respublica партиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Салтанатты шара Алматыдағы Жазушылар үйінде өтті. Құжат аясында қос ұйым жас қаламгерлерді қолдау мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Кездесуде тараптар отандық әдебиетті дамыту мәселелерін де талқылады. Олар қазақ қаламгерлерінің туындыларын ел ішінде ғана емес, халықаралық аренада танымал ету үшін бірлесіп жұмыс атқармақ.
Бақытбек Хамит, Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы:
- Жалпы қаламгерлердің жазған туындылары, өздеріңіз білетіндей, ғасырлар бойы бізге дейінгі, біздің замандастарды және келешек ұрпақты тәрбиелейтін осы кісілердің шығармалары. Тәрбиелік жолында, адамның қалыптасу жолында ақын-жазушылардың шығармаларының алар орны ерекше. Сол себепті осы мақсатта бірлесіп, жұмыс жасасақ деген ниетіміз бар.