2025 жыл - Нұрғиса Тілендиев жылы деп жарияланды

2025 жыл - Нұрғиса Тілендиев жылы деп жарияланды
e-history.kz

Әзірбайжан Республикасының Шуша қаласында ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысы өтті. Отырысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ұйымға мүше мемлекеттердің өкiлдерi қатысты. 

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Мәдениет комитетінің төрағасы қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Шуша декларациясына қол қойылды. Құжатта ұйымның негізгі даму бағыттары айқындалған. Сондай-ақ, 2025 жылға Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып Қазақстанның Ақтау қаласы сайланды - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ТҮРКСОЙ-дың атаулы жылдары аясында 2025 жыл – Нұрғиса Тілендиевтің жылы болып жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады.