Үштөбе қаласында тарихи-өлкетану музейі ашылды
Республика күніне орай Жетісу облысының Үштөбе қаласында тарихи-өлкетану музейі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құрылысына қазынадан 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген мәдени нысан 9 бөлімнен тұрады. Бірінші қабатта өңірдің табиғи ерекшелігі көрсетіліп, аң-құсы жайлы мол мағлұмат берілген. Ал екінші қабатта қола дәуірінен ХХІ ғасырға дейінгі кезең қамтылған. Сондай-ақ аймақта дүниеге келген ақын-жыраулар, шешен-билер мен елге еңбегі сінген ұлт перзенттерінің өмірімен танысуға болады.
Мұражайға 360-тан астам көне жәдігер қойылды. Соның бірі – Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқан Тілеуқұл батырдың қолданған бұйымдары.
Айгүл Нұрланқызы, Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:
- Тілеуқұл батырдың өзінің киген шапаны және қолына таққан сақинасы. Сақинаның бетінде арабша әріптер бар. Бұл – сол уақыттарда мөрдің қызметін атқарған бірден-бір сақина.
Гүлсім Есентайқызы, Қаратал ауданының тұрғыны:
- Біздің болашақ жеткіншектерімізге балалармымызға мынау өте жақсы нәрсе. Қараталдың жетістіктерін көрдік. Қараталдың бұрын жұмыс жасаған азаматтарын көрдік. Маған өте ұнады.