Павлодар ауылында мәдениет үйі ашылды
Республика күніне орай Павлодар ауылында мәдениет үйі ашылды.
Облыс орталығымен шектесетін бұл ауылдың іргесі бір ғасыр бұрын қаланған. 1960 жылдары салынған клуб кезінде өртке орнаған. Алты мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде халық көп жиналатын мерекелік іс-шаралар далада немесе мектептің акті залында өтетін. Жергілікті халық Мәдениет үйін отыз жылдай күтті. Заманауи үлгіде бой көтерген еңселі ғимаратта үш жүз орындық көрермен залы бар. Домбыра үйірмесі, хореографиялық ансамбль, вокалдық ұжым, ардагерлер Кеңесінің жанындағы Халық хорының жұмысы бұдан былай жаңа ғимаратта жалғасады. Ал өнер ордасына ғасыр әншісі Роза Бағланованың есімі берілді.
Ғалы Зейнелқабиденұлы, Павлодар ауылының тұрғыны:
- Республика күнімен бірге келіп тұр, иә екі мерекеміз біздің бүгін ауылда. Сол екі мерекеміз құтты болсын. Бастарыңыз аман болсын. Роза Бағланова апамыздың атын қойғаны тіпті жақсы. Себебі ол кісі қаһарман адам. Соғыс уақытында алдыңғы шепке барып концерт қойып, әскермен бірге болған адам.