Қонаевта отбасылық фестиваль өтті
Қонаев қаласында «Отбасы Банк» пен «KazSMU» құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен отбасылық фестиваль өтті.
Шара аясында «Алатау жастары» бағдарламасының арқасында үйлі болған жастарға пәтер кілттері табысталды. Сондай-ақ мерекеде эстрада жұлдыздары танымалы әндер шырқап, қала тұрғындарының көңілін серпілтіп тастады.
"Qonaev otbasy fest" шаттық пен қуанышқа, жақсы эмоцияларға толы нағыз мерекелік фестиваль. Басты ұйымдастырушы – «Отбасы банктің» Алматы облысындағы филиалы. Шара барысында облыс әкімдігі мен банк өкілдері «Алатау жастары» бағдарламасына құжат тапсырып, үйлі болған жастарға құтты болсын айтты. Түрлі салада еңбек ететін жас отбасыларға пәтер кілттері табысталды.
Мақпал Дүйсебаева, жас маман:
«Мен «Алатау жастары» бағдарламасы бойынша Отбасы банктен үй алған болатынмын. Сол енді алғысымды білдіргім келеді. скл «Әрине тиімді деп ойлаймын. Өйткені жеңілдіктер өте көп. Қазіргі жастарға да кеңес беретін едім «Отбасы банктен» шот ашып, сол шотқа ақша жинап үйренуді».
Жалпы жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 400-ден астам өтініш түскен. Баспаналы болуға мүмкіндік беретін бағдарлама келер жылы да жалғасады.
Альфия Хасанова, "Отбасы банк" АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы:
«Алматы облысы бойынша 50-ге жуық жас маман 35 жасқа дейін маман үйлі болды. Бұл бағдарлама әлі де жалғасады. Бастапқы жарнасы 10% және несие пайызы бес пайызды құрайды. Алматы облысының тұрғындары жинақтап алады ипотеканы, үйді несиеге. Ал жас мамандарға льготтық бағдарламамен осы «Алатау жастарымен» ала алады».
Қаланың орталық алаңында өткен концертке адам көп жиналды. Тұрғындар түрлі байқауларға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды. Ал жастар арасында танымал әншілер Райым мен Қанай хитке айналған әндерімен мереке көркін қыздырды.
А.Садуақас. А.Дүйсембаев. А.Жөнкешов