Жетісу облысында 90-жылдардан аман қалған мәдениет үйі жаңартылды
Жетісу облысының Ақсу ауылында мәдениет үйі жаңартылды.
Тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан бері құлыптаулы тұрған нысанды жергілікті тұрғындар бұзғызбай, қызғыштай қорып келді. Ғимарат биыл қалпына келтіріліп, ел игілігіне берілді.
Менің айқайыммен қарап жатырмыз. Сад орнына келіп, мәдениет үйі орнына тұрса...
Мұрат Шүренбаев мәдениет үйін отыз жылға жуық күзетті. Ғимараттың бір кірпішін де бұзғызбады, ағашын да алғызбады.
Ел ертеңіне үмітпен қараған азаматтың еңбегі ақталды. Нысан бастан аяқ жөнделді. Ауыл тұрғыны құрылыс жұмыстарын жүргізуге де атсалысты.
Мұрат Шүренбаев, Ақсу ауылының тұрғыны:
- Өте қуаныштымын мен. Құдай бұйырса, ауылда мәдениет үйі аяғынан тік тұрды. Жастарымызға жұмыс болды. Мен мақтанбаймын кеудемді қақпаймын. Маған парыз етілді мен өз парызымды адал атқардым.
1968 жылы салынған мәдениет үйі жөнделгеннен кейін, ауылдағы көпшілік іс шара осында өтетін болды. Мұндағы кітапхана қоры толығымен жаңартылып, жас өнерпаздардың ән-би үйірмелеріне қатысуына қолайлы жағдай жасалды.
Домбырамен ән салып жатыр.
Сымбат Аман, оқушы:
- Бұрында біз мектепке барып, сол жаққа барып кабинет іздеп дайындалатын жер іздеп сол жақтан барып ойнайтынбыз. Мәдениет үйі ашылғаны өте күшті ыңғайлы. Біз бұған да өте қуаныштымыз.
Меруерт Жебегенқызы, Ақсу мәдениет үйінің директоры:
- Сегіз штат бірлігі бар. Сегіз үйірме жұмыс істейді. Кітапхана және үлкен көрермен залы бар. 96 оқушы қамтылған кестеге сай жұмыс істеуде. Келесі жылға үш штат бірлігіне сұраныс беріліп отыр.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жаңғыртылған мәдениет үйінің жанындағы 9 гектар жерді саябақ алып жатыр. Мұндағы ағаштар үстінен қарағанда бес жұлдызды бейнелейтіндей етіп егілген. Енді ауыл тұрғындары көпшілік тынығатын мәдени орынды және мынандай шағын архитектуралық нысандарды қалпына келтіріп беруді сұрап отыр.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов