«WorldSkills Қазақстан 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Кәсіптік-техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді.

Астанада «WorldSkills Қазақстан 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Сан түрлі мамандықты меңгерген жастар өз біліктіліктерін көрсетіп, бағын сынады. Жұмысшы мамандықтардың бәйгесіне әр өңірден 22 жасқа дейінгі 500-ден астам жас қатысты. Олардың арасында кірпіш қалаушы, сылақшы, сантехник те бар. Бизнеске арналған IT шешімдер, Веб-технологиялар, Желілік және жүйелік басқару технологиясының кәсіби шеберлері өз өнерлерін көрсетті. Жалпы еліміз бұған дейін әлемдік чемпионаттарға қатысып, бәйгенің алдын бермеген еді. Шеберлік бәйгесінде оза шапқандар келер жылы Францияда өтетін халықаралық біріншілікте ел намысын қорғайды.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Биылғы Еуро WorldSkills тұңғыш біздің колледж студенттері бір күміс, екі қола – 5 медальмен алып қайтты. Бұл үлкен еңбектің арқасы. Ең қызығы біздің кәсіпкерлер келіп, осы үздік жастарға бірден қызмет ұсынып айлық беріп, еңбекке шақырып жатыр. Биылдан бастап ьехникалық және кәсіптік білімді трансформациялау бағытында жұмыстар басталып кетті.

Олжас Тыныштық, 2-орын иегері:

- 14 қарсыласым болды. Біз үш күнде 6 модуль жасадық. 3 мобильдік, үшеуі планшеттік қосымшаға жасадық. Қазақстанда қазір ІТ тез дамып жатыр. Және біз бұны басқа мемлекеттерге көрсетіп дамытуымыз керек.