Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері аяқталды

Осыған орай Бакудегі Гейдар Әлиев орталығында отандық суретшілердің көрмесі мен гала-концерт өтті.

Қатысушылар қос мемлекет арасындағы мәдени байланыс нығая беру керек дейді.

Қазақстанның мәдениет күндеріне орай ауқымды бағдарлама ұйымдастырылған. Үш күн бойы Баку тұрғындары мен қала қонақтары отандық "Хассак" ансамблінің концертін тамашалай алды. Сонымен қоса Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының қойылымдары да көрермен үшін қызық болды. Артынша бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, танымал әртістердің қатысуымен гала-концерт өтті. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

"Бакудегі мәдениет күндері біз үшін жемісті өтті. Отандастырымыз жаңа адамдармен танысты, достасты. Меніңше, адамдардың қарым-қатынасы бәрінен де маңызды. Қазақстан мен Грузия басшылары, шығармашылық топтар мен халықтар арасындағы байланыс әрқашанда жоғары деңгейде болатын. Сондықтан біз бір-бірімізді мадақтап, жетістіктерімізге тек қуанып жатамыз". 

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

"Әзербайжан - біз үшін сенімді дос, бауырлас мемлекет. Дініміз бір. Дәстүрлеріміз ортақ. Біз түркітілдес халықпыз. Сондықтан өз туысымызға келгендей қуанып қалдық".  

Әлім Байел, Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Бейнелеу өнері туындыларының көрмесі де Әзербайжан тұрғындарының көңілінен шықты. Мұнда тоғыз қазақстандық шебердің жұмысы көрсетілген. 

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

"Көрмеде жауынгер әйел, басқарушы әйел, сондай-ақ мифологиялық бейнелер көрсетілген. Менің жұмысымда тіпті аңшы әйелдің бейнесі суреттелген. Мұның бәрі біздің қыз-келіншектеріміздің қандай мықты болғанын, сондай-ақ олардың қоғамдағы мәртебесін көрсету үшін жасалды."  

Бакудегі Гейдар Әлиев орталығындағы іс-шараға Әзербайжанның мәдениет министрі, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, депутаттар, елшілер мен жергілікті еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты. Бәрінің ойы бір жақтан шықты. Олар қос мемлекет арасындағы мәдени-шығармашылық диалог одан әрі жалғаса беру керек деп отыр. Сөйтіп келер жылы Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері өтуі тиіс.   

Жұлдыз Атагельдиева, Михрибан Косумова