«Миллионға келістік» комедиясы көрерменге жол тартты
Бүгіннен бастап «Миллионға келістік» комедиясы көрерменге жол тартады.
Жаңа картина психологиялық фобия туралы. Кинода адамдарға жақындаудан қорқатын Бауыр есімді кейіпкердің тағдыры таразы басына түседі. Қомақты қарызын қайтара алмаған кейіпкер ажалдан аман қалу үшін фобиясымен күреседі. Картина шытырман оқиғаға толы. Фильм Шығыс Қазақстан облысындағы көркем табиғат аясында таспаланған. Туындының режиссері Елдар Қапаров. Шығармашылық топ киноның алғашқы көрермендерімен кездесіп, картинаның түсірілімі мен жаңашылдығы туралы баяндады.
Марина Сүлейменова, актриса:
-Көп киноға, телесериалға түскенмін. Бірақ «Миллионға келістік» фильмі – менің алғашқы басты рөлімнің бірі. Үлкен кастинг болды. Екі этапта, бірінші ол суретпен қарады, онлайн болды, одан кейін режиссермен кездесіп, видео тексеруден өттік.