Ұлытау облысында «Ұлар» әдеби клубы құрылды

Ұлытауда шығармашыл жастардың «Ұлар» әдеби клубы құрылды.

Ұжым Жазушылар одағының облыстық филиалы жанында жұмыс істейді. Жас қаламгерлерді рухани қолдап, олардың шығармашылығын насихаттау маңызды. Клуб өнерлі өрендердің басын бір арнада тоғыстырып, ел ішінен жаңа есімдердің шығуына мүмкіндік береді, - дейді аға буын. Жас таланттар алдағы жоспары мен міндеттерін нақтылап қойған. 

Ақниет Тағыберген, «Ұлар» әдеби клубының мүшесі:

- Клуб осы жастардың шығармашылығын насихаттау, оларды әдеби  жинақтарға енгізу, жеке кітаптарын шығарып беру сынды мақсатта, бағытта жұмыс істейді.

Қасымхан Бегманов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:

- Бұл өңірде талантты жастардың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа біз «Ұлар» әдеби клубының мүшелерінің билеттерін табыстадық. Солардың арасынан топты жаратын, аламанды алдымен келетін керемет тұлпар ақындар шығатынына менің күмәнім жоқ.