«Простор» журналына 90 жыл толды

Елдегі әдеби-көркем «Простор» журналының шыққанына 90 жыл толды.

Басылым алғаш рет 1933 жылы «Қазақстан» деген атпен жарық көрген. Әрмен қарай «Литературный Казахстан», «Қазақстан» альманахы, «Советтік Қазақстан» деген атаумен жарық көргенін оқырман қауым жақсы біледі. 1960-1970 жылдардың басында журнал КСРО-да кеңінен танымал болды. Ілияс Есенберлин, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ қаламгерлерінің шығармалары осы журнал арқылы орыс тілді оқырманға жетіп отырды. Тоқсанға толған тарихи басылымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

- Болашақта да бұл журнал оқылымды болады. Қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасындағы орысша оқитын оқырмандардың арасындағы үлкен, алтын көпір. Қазақтың белгілі жазушылары Дулат Исабековтың келер жылғы номердің өзінде, Смағұл Елубайдың, басқа да көптеген белгілі қаламгерлердің орыс тіліне аударылып, «Простор» журналында басылады.