Алматыда жастарға арналған комьюнити-орталықтар ашылды
Бұл жер жастардың шығармашылық бастамаларын дамыту мен оларды қызығушылығы бойынша біріктіретін
идея алмасу алаңына айналады. Мұнда тегін білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі, жастар білікті психологиялық және заң көмегіне жүгініп, жұмысқа орналасу, қаржы мәселесі бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар комьюнити орталық мамандары елімізде алдағы 5-10 жылда сұраныс артатын 50 мамандық бойынша да жастарға бағыт-бағдар береді. Мұндай орталықтар қаланың 8 ауданында жұмыс істейді.
Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:
- Біздің ауданда 70 мыңға жуық жас өмір сүріп жатыр. Оның 10 пайызы яғни, 10 мыңға жуық жастар жұмыссыз қазіргі уақытта. Осы орталыққа келіп келешекте өздеріне белгіленген, өздеріне ыңғайлы, қолайлы жұмыстар табады, деп ойлаймыз.
Тоғжан Құрманжанқызы, Ozge Epic креатив хабының жетекшісі:
- Біз келген жастардың барлығына тегін әрі қарай не істеуге болады, бізбен бірге қандай жұмыстар істуге болады? Анимация мектебінде білім алуға болады немесе драматургия мектебінде әрі қарай драматург болуға немесе спектакль жазуға, актер болуға түрлі-түрлі мамандықты игеруге кураторлық жасаймыз.