«Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толды
Биыл «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына 90 жыл.
Басылымның алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруге қызмет етсін». Сол кезден бастап, газеттің мақсаты осылай айқындалды. Қазақ әдебиеті газеті содан бері еліміздің әдеби-мәдени өмірін қамтып келе жатыр.
«Қазақ әдебиеті» қиын-қыстау кезеңде жарық көрді. Сол тұстағы ашаршылық,саяси-қуғын сүргінге қарамастан бір топ қазақ зиялылары газетті шығаруға атсалысты. Алғашқы бас редакторы Ғабит Мүсірепов болды. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сияқты қаламгерлер де осыннан табылды. Қазіргі бас редактор Дәурен Қуаттың айтуынша, сол кезде ұлт жанашырлары «Біз» деген парадигманы ұстанды. Соның айналасына топтасып, рухани күш біріктірді.
Дәурен Қуат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:
- Біз жеңеміз, біз жасай аламыз, біз ұрпаққа мұра қалдыра аламыз деген үлкен идеяның айналасында топтасқан. Соны жасап бізге қалдырды.
«Қазақ әдебиеті» ғана емес, қазақ әдебиеті әлемін жасады аға буын. Енді осы әлемді арықарай кеңейтуіміз керек. Қанша дегенмен, әлеуметтік желі деген күшейіп керемет етек алып жатқанның өзінде де, дәстүрлі баспасөз өзінің ықпалын оқырманға болсын, шығармашылық ортаға болсын ықпалын жүргізіп отырады.
Жазушы-сатирик Еркін Жаппасұлы «Қазақ әдебиетінде» 40 жылдан бері еңбек етіп келеді. Тілшіліктен бастап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Қазір редакция меңгерушісі. Ол: «Газет қай кезеңде болсын, кім басқарсын өзінің мақсатынан айныған емес»,- дейді.
Еркін Жаппасұлы, жазушы-сатирик:
- Желтоқсан оқиғасы кезінде Қазақ әдебиеті газеті жастардың үні болды. Сол кезде Қазақ әдебиеті газетіне ешқандай шешімсіз, ешқандай партияның нұсақуынсыз оларды неге қолдайсыңдар деп кінә тақты, мін тақты. Сол үшін бас редактордың өзінде оның айналасындағы сол саладағы қызмет істеп жатқандарды шараға тарттырды.
Қазір газет аптасына бір рет шығады. Жылына 52 нөмір басылады. Жалпы ақын-жазушылардың «Қазақ әдебиетіне» шықпағаны кемде-кем. Жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы да газеттің тұрақты оқырманы. Алғашқы шығармасы осында басылған. Содан бері байланысын үзген емес.
Кәдірбек Сегізбайұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы:
- Мен Алматыға келіп журналистика факультетіне түскеннен бері қарай 63 жыл уақыт өтіпті. Сол заманнан бері қарай тығыз байланыстамын десем болады. Алғашқы әңгімелерім осында шықты. Әлі күнге дейін мақала әңгімелерім шығып тұрады. Қазақ әдебиетінің бірден-бір оқырманымын. Жазылмай қалған жылым жоқ. Қазақ барда Қазақ әдебиеті ешуақытта өзінің беделін жоймайды деген сөз.
Қазір басылым жас қаламгерлердің де жазғандарын тұрақты жариялайды. Оларға арналған «Жас тұлпар» деп аталатын қосымшасы бар.
Газет әдеби дүниелермен қоса, әртүрлі тақырыптағы көкейкесті мәселелерді қозғайды. Бұдан былай да тарихы терең басылым оқырмандарын жаңа туындылармен таныстырып, ұлт зиялылыры салып кеткен жолды жалғастыра береді.
Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов