«Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толды
Биыл «Қазақ әдебиеті» газетінің шыққанына 90 жыл.
Ғасырға жуық жасаған басылымның бастауында Ғабит Мүсірепов тұр. Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлин де ақылдастар алқасында болған. Сол алыптар салған сара жол кейін де үзілген емес. Елордадағы Ұлттық кітапханада іргелі басылымның мерейтойына орай "Әдебиет. Рух. Қоғам" атты дөңгелек үстел өтті. Жиылғандар салмағы саф алтындай газетттің өткені мен бүгінгі бейнесін саралады. Алған бағыты мен межелеген міндетін айтты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамның мәдени танымын кеңейтіп жүрген басылым жайында жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Қуаныш Жиенбай, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты:
Роза Жүніс, зейнеткер:
Биыл Алаш зиялысы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады. Айтулы датаға орай, ақынның шығармашылығы мен қайраткерлік келбетіне қатысты 3 бірдей еңбек жарық көреді. Бұл жайында елордадағы Сәкен Сейфуллин мұражайының қызметкерлері мәлімдеді. Қазір мұнда мемлекет қайраткеріне тиесілі 7 мың жәдігер бар. Бұл заттай деректер небәрі 44 жасында ғұмыры сөнген Ұлы тұлғаның тағдырын сөйлетіп тұр. Десе де, оның бізге беймәлім сырлары әлі көп, дейді мамандар. Былтыр ғана 35 жылдығын атап өткен қара шаңырақ алдағы тойға қызу дайындық үстінде.
Гүлнәзия Ибраева, Астана қаласы музейлер бірлестігі С.Сейфуллин атындағы мұражай қызметкері:
- Осыдан 10 жыл бұрын Сәкен Сейфуллиннің "Сыр сандық" сериялы кітабын бастаған болатынбыз. 130 жылдығына 10-томы шығайын деп отыр. Бұл кітапта "Асау тұлпар" өлеңдер жинағын Түрік тіліне аударып, зерттеліп, жинақталып берілейін деп отыр. 06-35 осы музейді басқарып отырған Марат Оралбайұлы Әбсәмет үлкен тарих ғылымдарының докторы, ғалым сол кісі "Совнарком предсетателі" атты үлкен еңбек жазып жатыр. Және педагогика саласындағы зерттеу еңбектері шығады.
Астанада алғаш рет танымал қылқалам шебері Елена Кутузованың сурет көрмесі ұйымдастырылды. Өнер иесі жұртшылық назарына 30-ға жуық картинасын ұсынды. Оның 4-еуі Қазақ жерінің тұмса табиғаты мен сәулет ескерткіштеріне арналады. Белгілі ресейлік суретшінің қабілетіне таңдай қақпаған пенде кем де кем. Себебі ол "қос бейне" техникасымен жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз маман. Оның ерекшілігі сол, сәуле түскенде картиналар мүлде басқа кейіпке енеді. Елена Кутузованың елордадағы сурет көрмесі тегін әрі ай соңына ашық болады.
Ольга Скальчук "орыс үйі" мәдениет орталығының қызметкері:
- Бұл оның Қазақстанға алғаш келуі. Өзінің айтуынша, біздің ел оған ұнаған. Кім біледі, бәлкім шабыттанып жаңа картиналар салатын шығар. Көрме көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Ал 31 қаңтар күні суретші шеберлік сабағын өткізеді.
Жарқырайды қос жұлдыз
Ал бүгін біздің Димаш әйгілі Пласидо Домингомен бірге өнер көрсетеді. Қос жарық жұлдыз Жоржа Бизенің "Інжу іздеушілер" атты операсын шырқайды. Ұлы тенор иесі Пласидо Доминго қазақтың талантты ұлына қолдау көрсетіп жүр. Тіпті олар еуропалық "Виртуоздар" телешоуында бірге қазылық еткен болатын.
Ауылда мәдениет үйі бой көтерді
Енді сөз соңын ақжолтай жаңалықпен түйіндейін. Батыс Қазақстан облысы Бисен ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтерді. Қуанышты хабарды арнамызға ауыл балалары жеткізді. Жаңа өнер ошағының салынуын тұрғындар жылдар бойы күткен.