2 млн-ға жуық бала бір мезетте күй тартты
Елімізде «Күй күмбірі» республикалық челенджі аясында бір мезетте екі миллионға жуық бала домбыра тартты, деп хабарлайды 24KZ.
Барлық білім беру ұйымында балалар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» музыкалық шығармаларын орындады. Домбырашылардың ең кенжесі – балабақша тәрбиеленушісі. Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев осындай мазмұнды шаралар арқылы өскелең ұрпақты киелі өнерге баулу көзделгенін айтты.
Қазір елімізде 2 мыңдай домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.