Астанада тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өтті
Астанада белгілі тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров бірқатар тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өткізді, деп хабарлайды 24KZ.
Отандық ғалым қазақ атауы кездесетін ортағасырлық 130-дан астам картаны бір кітапқа біріктірген. XV-XIX ғасырды қамтитын құнды деректер қазақ мемлекетінің даму кезеңдерін айқын бейнелейді.
Шарада белгілі журналист Майя Бекбаеваның «Сұлтан Бейбарыс» атты деректі фильмі көрсетілді. Ол Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арнайы түсірілген. Фильм қазақ даласында дүниеге келіп, жат елде сұлтан дәрежесіне дейін көтерілген тарихтағы көрнекті билеушінің тағдырын баяндайды.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы:
- Еуропалық картографиялық коллекцияларда, корольдік архивтерде жұмыс істеген кезде неліктен кішкентай еуропалық мемлекеттерде карталар бар, ал алпауыт сол кезде қазақ мемлекетінің карталары жоқ. Сол ойымдағы сұрағыма жауап табу үшін мен еуропалық корольдардың «перепискасын» зерттей бастадым және бірінші картаны Ростов қаласында 1562 жылы I Елизавета, яғни тюдорлардың, Англияның патшайымы Дженкинсон елшісі сызған картаны тапқан болатын. Содан бәрі басталды. Қазіргі таңда жиған-терген қарталарымның саны 3,5 мыңнан астам.
Майя Бекбаева, журналист:
- Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына түсірілген фильмнің орны бөлек. Деректі фильм 45 минутқа созылады. Тарихи құжаттар, ғалымдардың пікірі, сахналық қойылымдар көрсетіледі. Фильмді түсіруге жарты жылдан астам уақыт кетті. Мәлімет жинап, сценарий жазуға бірнеше ай жұмсадық. Египетке іссапармен барып, көрнекті жерлерін түсуруге рұқсат алдық.