Астананың «Жастар» театрында отбасылық өмір туралы пьеса сахналанды
Жас қаламгер Ақлима Исмаилдің "Сүйікті етші, сүйіктім" пьессасы астанадағы "Жастар" теартында қойылды.
Спектакль отбасылық өмірдің шырғалаңына түскен жас жұбайлардың жан дүниесін сөйлетеді. Премьера қалай өтті?
Үйлену оңай, үй болу қиын. Лирикалық драма осы тәмсілді түсіндіреді. Бірін-бірі құлай сүйген қос ғашық отау құрған соң тұрмыс тәлкегіне тап болады. Сезімдерінің сыналатын сәті де осы. Алайда басқа түскенді бірге еңсеру барлық жұпқа бірдей бұйыра бермейді.
Елдос Шайкенов, "Жастар" театрының артисі:
- Қазіргі қоғамда болып жатқан жайт. 100 пайыз демей-ақ қояйын 20-30 пайыз еркектің басынан өтіп жатқан жайттар. Көрерменге ой түйдіреді деп ойлаймын. Ең бақытты деген отбасы қиын ғой табу. Бірақ дегемен де өздерінің бір өздерінің өмірінен өтіп жатқан жайттарды көрер деп ойлаймын.
Авторлар қойылым арқылы қоғамдағы ажырасу сынды өзекті проблемаға өзіндік үн қосқысы келген. Көрермен ой түйіп қайтса деген ізгі ниет жатыр мұнда. Барды бағалау, махаббатқа адалдық сынды құндылықтар да спектакльдің өн бойынан табылады.
Нұрфат Вахитов, қоюшы режиссер:
- Қазіргі заманның кейіпкерлері. Болат мен Айнұр Болатова деген "Лондонда" болашақ бағдарламасымен оқып жүріп, үйленетін болып, ата-аналары құда түсіп, Қазақстанға ұшып келе жатқанда ұшақ әуе жағдайына ұшырап Каспиге құлайды. Олардың ғашық болып өмірден өтіп кеткендері сол ғашықтықтың символына айналғандары сонымен ерекшеленеді деп ойламын.
Ақлима Исмаил, жазушы:
- Ең алғаш пьесасы, 3-4 ай уақыт кетті жазуға, өмірден алынған оқиға. Асқар Сүлейменов ағамыздың сөзі бар ғой: пьесса ол құнтақтаулы сәби, оның қандай азамат болып өсіп шығу режиссерге байланысты деген. Көреміз.
Қойылымды тамашалауға келгендердің жүзінде сан түрлі сезімдердің табы қылаң береді. Бір жарым сағатқа созылған спектакль демде өте шықты. Ал алған әсер мен түйген ой талайға дейін азық болары анық.
Назерке Тоқжан