Астанада Ілия Жақановтың шығармашылық кеші өтті
Елордада «Әнім саған, туған ел!» тақырыбында концерт өтті.
Салтанатты кеш Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, композитор Ілия Жақановтың шығармашылығына арналды. Сөз бен саз өнерін қатар меңгерген өнер иесі осы уақытқа дейін 200 ден аса ән жазған. "Еділ мен Жайық", "Жайлаукөл кешетері", "Асылым" сында музыкалық шығармалары қалың тыңдарманның жүрегінен орын алған. Шығаршылық кеште, Майра Ильясова, Светлана Айтбаева және Арайлым Рахым сынды мәдениет қайраткерлері өнер көрсетіп, композитордың таңдамалы туындыларын орындады.
Майра Ілиясова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Илья Жақанов ағамыз енді бұл кісі менің өнердегі, өмірдегі әкем сияқты. Ол кісіге бір ғасыр өмір тілеймін. Илья ағайдың қандай әнін айтсаң да бір ғана "Жайлаукөл кештері", "Толағай", мен айтатын "Еділ мен Жайық" және әр әнннің құрылысы мен құрамы бояуы әртүрлі.