Анкарада «Ақ Ләйлек» драмасы сахналанды
Анкарада халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысы Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» психологиялық драмасы қойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры өнерпаздары сахналаған шығарма 4 жасында жетім қалған Жанар есімді қыздың тағдырына негізделген. Қоғамдағы ащы шындықты бейнелейтін қазақ тіліндегі қойылымды барша көрермен ыстық ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті.
Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы, қоюшы режиссер:
- Спектакль өткен жылы ғана Түркістанда өткен «Raiymbek Fest» I деген фестивальде ең үздік әйел бейнесін біздің жас қызымыз алды. Жанарды ойнаған. Бізде негізгі екі-ақ адам басты рөлде ойнайды. Сондан кейін екі кісіні ғана қатысады эпизодқа. Спектакльдің керемет музыкасы таза фортепианомен жүргізіліп отырады. Яғни, жанды орындалды.
Бүлент Араслы, көрермен:
- Қойылым сәтті шыққан. Әртістердің ойнау шеберліктері жоғары болғандықтан, қазақ тіліндегі барлық сөзі түсіндік. Нағыз бүгінгі қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді сөз қылды.