Францияның әйгілі фортепиано дуэті елорданың музыка кешінде өнер көрсетті

Францияның әйгілі фортепиано дуэті елордалық оркестрдің 25 жылдығына арналған симфониялық музыка кешінде өнер көрсетті.

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында француз және америкалық композиторлардың әйгілі шығармалары орындалды. Шығармашылық топтың көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы – еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин. Сондай-ақ біздің елдің музыканттармен бірге әйгілі француздық Людмила Берлинская мен Артур АнсЭль пианино дуэтін ойнады. 

Людмила Берлинская, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі:

- Біз Астана оркестрімен бірге өнер көрсеткенімізге қуаныштымыз. Өйткені музыканттардың барлығы керемет энтузиастар. Олар сахнада бар күшін салады. Әріптестерімнің музыканы жанындай  жақсы көретіні сахнадағы эмоциясынан ақ көрініп тұр. Әрине бас дирижер Абзал керемет музыкант. Ертең Қарағандыға жолға шығамыз, сосын Алматыда біздің үлкен қос пианинолық концертіміз өтеді.