«Соңғы үкім». Ахмет Байтұрсынұлы туралы тағы бір фильм шықты

Қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильм жарыққа шықты.

«Соңғы үкім» деп аталатын толықметражды тарихи драма ұлт ұстазының күреске толы тағдырының мәлім де беймәлім қырларын паш етеді. Кинотуынды ғалымның ұлтын ояту мен қараңғылық бұлтын сейілту жолындағы ұшан теңіз еңбегін бейнелейді. Басына небір қиындық түссе де, аласапыран заман тезінен адамшылық қалпын жоғалтпай өткен ұлы гуманист-күрескердің өмірін суреттейді.

Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарында түсірілді. Басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Дарья Александрова сомдаған.

Кинотуынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен түсірілді. Тұсаукесерге танымал актерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, Мәдениет және ақпарат министрі қатысты. Толықметражды көркем фильм 23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі.

Ғалым Доскен, сценарий авторы, продюсер:

- Естеліктерінің өзінде қайшы тұстар кездеседі. Оның өзі қаншалықты рас екенін тексеріп алу керек. Сондықтан біз барынша сол кездегі жағдайға, сол кездегі реалиге, сол кездегі саяси жағдайға осы фльм жауап бере ала ма жоқ па дегенге басымдық бердік.