Екі ауылда мәдениет үйі салынып жатыр
Түркістан облысында екі мәдениет үйі салынып жатыр.
Бұған дейін Мөлке Шойманов пен Ақтөбе ауылдық округтерінде мәдениет ошағы болмаған. Шойманов елді мекеніндегі жаңа ғимараттың құрылысы 90 пайызға аяқталды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 150 адамға арналған көрермен залы мен 50 орындық кітапхана болады. Одан бөлек би, домбыра үйірмелері жұмыс істейді.
496 миллион теңгеге бағаланған нысан тамыз айында қолданысқа беріледі.
Аян Темірбеков, Мөлке Шойманов ауылының тұрғыны:
- Ауыл тұрғындары өте қуанышты жағдайда осыны қашан беріледі деп күтіп отыр. Берілгеннен кейін осыны халықтың игілігіне пайдаланып, жастар ұқыпты ұстап, ауылымызды, жастардың мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.
Мұрат Есімбек, Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:
- Қазір Көксарай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Жаңашілік ауылынан 150 орындық мәденит ошағының жобалау-сметалық құжатын әзірлеп, ұсынамыз. Ауылдық округітердің орталығы сонымен болады. Енді ары қарай халық саны 2-3 мың деген елді мекендер де бар. Соған сәйкес ары қарай жоба жасап, ұсынуға әрекет жасаймыз.