Кореядағы кітапхана қазақ кітаптарымен толықты
Оңтүстік Кореяның Орталық мемлекеттік кітапханасының қоры қазақ кітаптармен толықты.
Бүгін оларды еліміздің Кореядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрғали Арыстанов табыс етті. Енді жергілікті оқырмандар Ұлы Абай шығармашылығымен танысып, Қаныш Сәтбаев туралы мағлұматқа қанығып, Қазақстан тарихын, мәдениетін және Президент қызметін тереңірек біле алады. Оңтүстік Кореяның мемлекеттік кітапханасында 14 миллион 250 мыңнан астам кітап пен 19 жарым миллионнан астам цифрланған материал сақталған. Ондағы мамандар кітапхана ісіне жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.
Нұрғали Арыстанов, ҚР Корея Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі:
- Делегациялармен алмасуға келістік. Жақын арада бұл кісілер делегация жіберіп Қазақстанға өзінің озық технологиялармен бізбен бөлісетін болады. Одан сайын біздің кітапханашыларды осы жерді тренигтер өткізіп одан сайын мамандарымызды дайындауға да өз ниеттерін білдіріп отыр.