Музыка майталмандары Қызылорда облысында шеберлік сабағын өткізді

Балалар күні Қызылорда облысының Қазалы ауданында Қазақстан композиторлар одағының белді мүшелері ауыл өрендеріне шеберлік сабағын өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің оқушылары домбыра, қобыз, шертер, фортепиано, үрмелі аспаптарда шығарма орындаудың қыр-сырын елге белгілі өнер қайраткерлерінен үйренді. Өнерге құштар өрендер музыка майталмандарымен бірге күрделі шығармаларды орындады.

Айтулы өнер ордасы соңғы 2 жыл қатарынан Сыр өңіріндегі «Үздік өнер мектебі» атанған. Қазір мұнда 900-ге жуық оқушы 15 мамандық бойынша білім алады. 60 жылдық тарихы бар білім ұясынан 3 мыңға жуық түлек шыққан.

Сәукен Әліш, Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің директоры:

- Бүгінгі таңда Қазалы ауданындағы өнер мектебінің шәкірттері Астана Операда, Алматыда, «Отырар сазы» оркестрінде, басқа да мемлекеттік филармонияларда қызмет етіп жүр. Алды үлкен өнер қайраткеріне айналып жатыр. Мұның барлығы 60 жылғы еңбектің нәтижесі деп білемін. Бүгінгі таңда облысымызда 15-16 өнер мектебі болса, біздікі соның алдыңғы қатарында. Мамандық бойынша да ең көп мамандық бізде, 15 мамандық бар.